Бұл туралы ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қордай» шекаралық бақылау бөлімінің жасағы кедендік бақылау бөлімінің жасағы кеден қызметкерлерімен бірлесіп Қырғызстанның 42 жастағы азаматын ұстады. Ол «Тойота» көлігімен Қазақстаннан өз еліне бет алған.
Көлікті тексеру кезінде декларацияда көрсетілмеген 19,4 мың $, 112600 теңге, 3140 қырғыз сомы табылған.
Қазір осы факті бойынша тексеру жүруде.