Жарияланды: 690

Заречный: жауынгердің өз-өзіне қол салуына оны ұрып-соғу мен мазақ қылу себеп болған

Тергеушілер Алматы облысының Заречный кентінде ҚР әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/12 колониясын күзеткен ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 7552 ә/б жедел қызмет жауынгері М. Айтыхановтың қазасына оның 2 қызметтесінің қатысы бар деп күдіктеніп отыр.

«2011 жылдың 20-шы наурызынан 8-ші маусымына дейінгі кезеңде әскерге Айтыхановтан жарты жыл бұрын шақырылған қаза болған азаматтың қызметтесі қатардағы жауынгер Е.Бегежанов одан жүйелі түрде ақша бопсалап, ұрып-соққаны анықталды», - деп хабарлайды бас әскери прокуратура (БӘП). Ведомство оперативті-тергеу тобының мәліметтеріне сілтеме жасап, оқиғаға біраз уақыт бұрын қарауыл бастығының көмекшісі ефрейтор С.Мұқалықов Айтыхановты күзет басында ұйықтап қалғаны үшін соққыға жыққанын хабарлайды. Ал өткен сәрсенбі күні таңғы сағат 10-да қатардағы жауынгер бақылау мұнарасының ғимаратында автоматтан иегінен атып, өз-өзіне қол салып, өлген, деп хабарлайды БӘС. «Осылайша, Бегежанов пен Мұқалықовтың қылмыстық озбырлығының нәтижесінде Айтахынов АК-74 автоматынан иегінен атып, өз-өзіне қол салды», - делінген ақпаратта. БӘС ауыр салдарға алып келген жарғы бойынша өзара қарым-қатынас ережелерін бұзғаны үшін А. Бегежановқа қатысты ҚР ҚК 370б.3б. бойынша, ал ауыр салдарға алып келген жарғы бойынша қарауыл қызметінің ережелерін бұзғаны үшін ефрейтор Е. Мұқалықовқа қатысты ҚР ҚК 377 б.2б. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де қамауға алынды, деп хабарлайды БӘС. Ведомствоболған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оперативті-тергеу тобы 400 әскери қызметкерден жауап алуға тура келгенін атап көрсетеді. Қылмыстық істі тергеу барысын бас әскери прокурор жеке бақылауына алды, делінген ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін