Зейнетақы қорындағы ақша азайды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы қорындағы ақша азайды ма?

Зейнетақы қорындағы ақша азайды ма?

Өмір бойы тірнектеп жинаған қаржымыз азаюда.

  • 21 Сәуiр 2020
  • 83
Фото - Caravan.kz


Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаларының күннен күнге кеміп бара жатқаны жайлы шағымдануда. Тіпті, арызданғандар арасында қаржымыз төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмекке беріліп жатыр дегендер бар. Бұл ақпарат  қаншалықты рас? Зейнетақы қорындағыдар не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.   

Өткен жұмада интернеттегі қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке шоттарында ақшаның азайғанын байқапты. Әлеуметтік желідегі адамдар былай дейді.    

«Менің папамнан 32000 алған».
«Менде постты көріп, бір жеті қарап, скриншоттап, алған выпискаммен. салыстырып  қарағанмын, 23 мың ақшам жоқ, ужас!! Бұл не сонда елді мазақ қылу ма?»
«11/04 мен 17/04 аралығында 38409,65 теңге жоқ пенсионкамда, инвестиционный доходты азайтып қойған!!!»

Мән-жайды түсіндіріп берер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарластық. Елдің ертеңіне деген қаржысын жинайтын монополист қазақстандықтардың есепшоттарында өзгеріс болғанын жасырмайды.

МҰРАТ ШӘРІПОВ, БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
«Азаматтардың шоттарында осындай өзгерістер болып жатыр. Бірақ нақты енгізілген жарналардың сомасы өзгермейді. Өзгерген сома  ол инвестициялық пайда. Өйткені зейнетақы қоры күнделікті осы инвестициялық құралдардың өзгерісін есептеп, азаматтардың шотына енгізіп отырады».

Маман пікірін толық түсіндіре кетсек, отандастарымыздың негізгі жарнадан түскен қаржысына ешкім тиіспейді. Құқығы жоқ. Бұған мемлекет кепіл. Өзгеретін тек Инвестициялық кіріс ғана.  ГРАФИКА:  "Осы ретте инвестициялық кіріс не деген сұраққа жауап берсек. Әр адамның есеп-шотқа салған ақшасын Ұлттық банк басқарады. Жауапты орган зейнетақы жинағын бағалы қағазға, шетелдік валютаға, не өзге де қаржылық пайда табатын жолға салады, инвестициялайды. Сәйкесінше, салған ақша құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғаяды, не азаяды. Ал, қазіргі пандемия кезінде оның мұң құбылуы заңды сияқты".

Ел арасында Ұлттық банк жауапты зейнетақы төтенше жағдай кезінде отандастарымыздың әлеуметтік көмегіне кетуі мүмкін деген де айтылуда. Бұған жауапты ведомствоның өзі жауап берді.   

 БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
«Ондай сұрақтар желіде, қоғамда да бар. Оның мәнін, себептерін осы жақын арада Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қор мамандары түсіндірген болатын. Бұл инвестициялық кірістің жеткілікті іске асыра алмай жатқанына байланысты. Сондықтан құзырлы Жинақтаушы зейнетақы қоры мамандарының түсініктемелерін басшылыққа алғандарыңыз жөн».

Отандастарымыздың жаппай үрейленуіне жауапты қор өкілдері «еш уайымдауға негіз жоқ», дейд. Айта кетейік, жыл басынан бергі инвестициялық қызмет аясында салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6%-ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12%-ға жуық мөлшерге артық деген екен.

Соңғы жаңалықтар