Жарияланды: 400

Жағдайды теріс пайдаланып, бағаны негізсіз көтерген жанармай құю бекетінің иелері жауапкершілікке тартылады

Жағдайды теріс пайдаланып, бағаны негізсіз көтерген жанармай құю бекетінің иелері жауапкершілікке тартылады

Бүгін селекторлық кеңес барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин аумақтық бөлімшелерге өңірлерде АИ-92/93 маркалы бензин бағаларының негізсіз өсуіне және «жасанды» тапшылық құруға (мүмкіндігі бола тұра, өткізу көлемдерін қысқарту) жол бермеуді тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Кәсіпкерлерге берілген АИ-92/93 маркалы бензинге бағаларды өз бетінше айқындау мүмкіндігін ескере келе, монополияға қарсы ведомствоның өңірлік бөлімшелері монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Әңгіме, ең алдымен, бензинді бөлшек саудада өткізу нарығындағы автожанармай құю станциялары иелерінің өздерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы туралы болып отыр»,- деп атап өтті Серік Жұманғарин.
ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК-нің аумақтық бөлімшелеріне үстем жағдайды теріс пайдалануға, бағалық сөз байласу мен жосықсыз бәсекелестікке жол бермеуді бақылау бөлігінде монополияға қарсы реттеу шараларын күшейту тапсырылды. Сонымен, монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері болған жағдайда, ТМРжБҚК қызметкерлері бензин бағасының құрылымын (бағаны белгілеу/көтеру үшін негіз болып табылған АЖҚС-ның шығындары) талдайтын болады. Егер, баға келтірілген шығындарға сәйкес келмейтін болса, осы іс-әрекеттерді «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңында тыйым салынған іс-әрекеттерге жатқызуға барлық негіз бар.  «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңына сәйкес нарық субъектілеріне жоғары айыппұл санкциялары салынатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін