Жайық өзенінде балықтар қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жайық өзенінде балықтар қырылып жатыр

Жайық өзенінде балықтар қырылып жатыр

Атырау облысында Жайық өзеніндегі арнада шабақ қырылуда. Балықтың неден баудай түсіп жатқаны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары тексеруге кіріскен. 

  • 10 Маусым 2014
  • 374
Фото - Caravan.kz

Ұзындығы 8 шақырым болатын арна маңайдағы шағын шаруашылықтардың қажеті үшін қазылған. Су оған Жайық өзенінен арнайы қондырғы арқылы беріледі екен. Мамандар мұндай өлі шабақтарды осы маңдағы Қараөзек арнасынан да тапқан. Қазір олардың бұл жерге қалай келгені анықталып жатыр. Осы оқиғадан кейін аудандағы барлық су желілері жедел тексеріле бастады. Ал тірі қалған шабақтар қайтадан Жайық өзеніне жіберілген.


Ақтан Қуанов, Атырау облысы
табиғат қорғау прокурорының көмекшісі:

— Қазіргі таңда прокуратура қоршаған ортаға келтірілген залал мөлшерін және осы жәйтқа қатысы бар жауапты адамдарды анықтауда. Енді тірі қалған шабақтарды құтқарып қалуға тырысып жатырмыз.