Апатты көзімен көрген мамандар жағасын ұстап отыр. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл машинаның сау-тамтығы қалмаған. Жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Соққыдан кейін топырақ тиелген Камаз Жигулидің үстіне аударылып кетіп, адамдар үйінді астынан шыға алмай қалған. Қаза болғандар Үшарал ауылының тұрғындары. Арасында кәмлетке толмағандары да бар. Әзірге оқыс оқиғаға кімнің кінәлі екені белгісіз. Оны анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал, аман қалған камаз жүргізушісі өзіне шаң жуытар емес.