Жамбыл облысында 7 жасар баласын дарға асқан әке қызын да азаптаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 7 жасар баласын дарға асқан әке қызын да азаптаған

Жамбыл облысында 7 жасар баласын дарға асқан әке қызын да азаптаған

Жамбыл облысында асылған күйде табылған 7 жастағы баланың өгей әкесі қамалды. 35 жастағы азаматқа қызы мен баласын азаптады деген айып тағылған.

  • 30 Қаңтар 2016
  • 333
Фото - Caravan.kz

Екінші сынып оқушысын 20-шы қаңтар күні ауладағы ағашқа асып кеткен. Оның мойын омыртқасы үзіліп, зорланғаны белгілі болды. Қазір 10 жастағы әпкесінің де өгей әкеден жәбір көрген-көрмегені тексерілуде. 35 жастағы азаматқа «азаптау»  бабы бойынша айып тағылып, тергеу аяқталғанша 60 күнге қамалды. Оқушының нағашылары оның өліміне өгей әкенің туған ағасын да айыптауда. Дегенмен педофилдің нақты кім екенін анықтау үшін сот-биологиялық сараптама қорытындысын күту қалды.