Денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті билік олармен келісім-шарт жасасып, үлестірілген баспананы бес жылдан соң басы бүтін меншіктеп беруге уағдаласқан. Алайда, межелі мерзім келгенде шенеуніктер айтқандарынан айныпты. Пәтерді алу үшін өз құнынан асып түсетін соманы төлеуге, әрі тағы бес жыл қызмет етуге міндеттеген. Мұнымен келіспеген ақхалаттылар әкімдікті сотқа береді. Алайда аудандық сотта даулы іс шенділердің пайдасына шешіп берген. Мұнымен келіспеген жас дәрігерлер енді, әзілдік орнамаса қызметтерінен кетуге әзір.
Бақытжан Ментаев, хирург:
— Сот шешіміне келіспейміз. Бес жылдан соң пәтерлеріңді жекеге өткізіп береміз деп анық жазылған. Тайға таңба басқандай. Бұл келешекте келетін жас мамандарға айтатын кеңесіміз, билікте отырғандардың айтатын сан-түрлі айлалары бар екен. Олар үй береміз деп келісім-шарт жазып берді, бірақ одан ешқандай нәтиже шығатын түрі жоқ.