Жарияланды: 70

Жамбыл облысында емхана қызметкерлері жалған анықтама сатып келген

Жамбыл облысында емхана қызметкерлері жалған анықтама сатып келген

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «OLX» веб-сайтын тексеру барысында «086/у медициналық анықтама» сату туралы жарнаманы анықтаған

Бұл туралы  “Zhambylnews” AA. порталы жазды. 

Осыған орай, «Жас Отан» корпоративтік қорының қызметкері А.Мұрат «Құпия сатып алушы» әдісі арқылы №7 қалалық емхананың қызметкері Б.Досымбековамен телефон арқылы сөйлесіп, нәтижесінде ешқандай дәрігерлік тексерусіз №086/у анықтамалық нысанды сатып алған. Берілген құжатта №7 емхана дәрігерлерінің мөрлері мен қолдары қойылған.

Сыбайлас жемқорлық актілеріне сәйкес, емхана қызметкері Б.Досымбековамен еңбек шарты тоқтатылып, осы істе есімдері аталған дәрігерлер түрлі тәртіптік жазаларға тартылды.

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды
Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды
АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін