Күдікті есірткіні көлігінің артқы орындығының қуысына жасырыпты. 20 пакетке қапталған героинді иісшіл ит тауып алған. 44 жастағы жігіт оны нақты қайда апара жатқанын айтудан бас тартып отыр. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Айта кетсек, кеше дәл осылай 30 келіге жуық героинды Ресейге алып өтуге әрекеттенген тағы бір шетелдіктің жолы кесілген еді.