Жарияланды: 410

Жамбыл облысында өткен демалыс күндері үш далалық өрт болды

Жамбыл облысында өткен демалыс күндері үш далалық өрт болды.

5-маусымда түнгі 23 сағат 25 минутта Жуалы және Байзақ аудандарының шекаралас аймағында далалық өрт болды. Қазір өрт болған алқаптың аумағы анықталу үстінде. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. Өртті сөндіруге 8 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы Шу ауданының Ауылпат учаскесінде, аудан орталығынан 80 шақырым жерде 6-маусымда сағат 16.00 шамасында тағы да далалық өрт тіркелді. От құшағына оранған алқаптың аумағы анықталу үстінде. Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 5 адам және 2 техника, ал өртке қарсы күрес қызметінен 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды. 5-маусымда 10 сағат 30 минутта Жамбыл облысының Шу ауданы Сары құдық және Итемген учаскелерінде 1200 гектар алқапта далалық өрт шығып, ол 6 -маусымда 02 сағат 40 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өртке қарсы күрес қызметінің 12 адамы мен 1 техникасы, ауданнан 32 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть