Жамбыл облысында тікұшақтың құлауына байланысты жаңа деректер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында  тікұшақтың құлауына байланысты жаңа деректер шықты

Жамбыл облысында тікұшақтың құлауына байланысты жаңа деректер шықты

Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырады.  Құдай сақтағанда қаза тапқандар жоқ. Тек МИ-2-нің ұшқышы оңбай күйіп қалған. 63 жастағы азамат қазір ауруханада хал үстінде жатыр. Әзірге, жеке тікұшақтың құм арасында не істеп жүргені әрі бортта нақты қанша адам болғаны айтылмай жатыр.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 276
Фото - Caravan.kz

-Оқиға сенбі күні кешкі алтылар шамасында болған. Апатқа ұшыраған тікұшақтың сау тамтығы жоқ. Жерге құлаған бойда өртке оранғаны байқалады. Оқыс жағдай туралы осы маңдағы шопанның бірі 102 нөміріне хабар жеткізген. Алайда әуе көлігі құм арасындағы терең сайға құлағандықтан оны табудың өзі қиындық тудырыпты.

Куәгер тікұшақтың көкте ары-бері шайқалып жүргенін көрген. Ақыры көп ұзамай жерге құлап жойқын жарылыс болған. Көршісін ілестірген Ербол Өстеміров атпен дереу сонда жетіпті. Бірақ өрт арасынан тірі жанды кезіктірмеген. Сөйтіп екі адамның ізіне түсіп, олардың соңынан үш шақырым жердегі қыстаққа барыпты. Шопанның сөзінше, бортта үш адам болған. Екеуі 25-30 жас аралығындағы жас жігіт болса, үшіншісі – жанып кете жаздаған ұшқыш. 

Ербол Өстеміров, оқиға куәгері:

-Екі адам сол фазендаға барыпты. Екеу емес бұл жерде үш адам екен. Біреуі үйде жатыр екен, үшеуі де жетіп қойған ғой. Жаңағылардан не болды, қалай болды, қалай аман қалдың десем, секіріп кеттік-секіріп кеттік дейді.

Денесінің 60 пайызы күйген ұшқыш 7 сағаттан соң Таразға жеткізілген. Жағдайы ауыр науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Әбілсейіт Сыздықов, №2 Тараз қалалық аурханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:

Дене сынығы, басқа денсаулығына ешқандай зақым келмеген. Қазіргі кезде барлық ем-домдар қолданылып, науқасты шоктан шығару жолдары қаралып жатыр. 60 пайыз өте ауыр жарақат, сондықтан қазір алдын ала бірдеме айту қиын.

Валерий Михиннің ми далада жалғыз өзі не істеп жүргені жұмбақ. Бірге болған серіктері жайында да жауаптылар тіс жаратын емес. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Қазір оны анықтау үшін арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.

Талғат Сабыров, Жамбыл облыстық ТЖД бастығыныңың орынбасары:

-Апат болған жер аудан орталығынан 100 шақырым жерде Тараз қаласынан 200 шақырым жерде алыста болды, құмның арасында. Сол себепті қиындық туды. Қазір нақты себебін айта алмаймыз. Комиссия келіп, бәрін қарастырып, шешім шығарады.

Ұшқыш тікұшақтың қожайыны, сәйкесінше «Жаңа Әлем» әуе компаниясының басшысы. Бұл әуе көлігін ара-тұра Ішкі істер департаменті қолданған деген дерек бар. Оған дәлел қираған техникадағы нөмір мен полицейлер мінетін ұшақтың саны сәйкес келеді.