Жарияланды: 410

Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып 13 адам жарақаттанды

Жамбыл облысында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тауып 13 адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Жол апаты Тұрар Рысқұлов ауданында Алматы-Ташкент автожолының 395-шақырымында болды. "РАФ" және "ЗиЛ-133" жүк машинасының соқтығысуы салдарынан 5 жолаушы қаза тапты. РАФ жүргізушісі мен тағы 12 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында 12, 15 және 16 жастағы жасөспірімдер бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін