Жамбылдық құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан адамдарды қауіпсіз жерге шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан адамдарды қауіпсіз жерге шығарды

Жамбылдық құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан адамдарды қауіпсіз жерге шығарды

 Ауа температурасының төмендеуі, қардың қалың түсуі және көктайғақ салдарынан «Алматы-Ташкент» тас жолы өтетін Жуалы ауданынағы Күйік асуында жағдай қиындады. 

  • 30 Наурыз 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен тәулікте құтқарушылар Күйік асуындағы қалың қардан 4 жеңіл көлікті алып шықты. Онда 12 адам, соның ішінде үш бала болған. Тараз қаласына жеті адам жеткізілді. 

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 29-30 наурызда Жамбыл облысы аумағында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін, таулы асуларда 30 м/с жетуі мүмкін. Синоптиктер ауа температурасы түнде -3 — 8 градус аязға дейін төмендейді деп болжап отыр. 

Жамбыл облыстық ТЖД жергілікті атқарушы органдарды, АҚ және ТЖ қызметін тиісті шараларды ұйымдастыру керектігі туралы ақпараттандырды.