Жанармай бағасына болжам жасаймын деп аузым күйген - Ұ. Қарабалин - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанармай бағасына болжам жасаймын деп аузым күйген - Ұ. Қарабалин

Жанармай бағасына болжам жасаймын деп аузым күйген - Ұ. Қарабалин

Жанармай бағасына болжам жасаймын деп аузым күйген жайым бар.

  • 27 Тамыз 2014
  • 642
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, 21 тамыздан бастап АИ-92 маркалы жанармай бағасы 128 теңгеге көтерілді. Ал дизельдік отынның бағасы сол күйінде қалды. Ал АИ-95 пен АИ-98 маркаларына келер болмақ, олардың бағасын мемлекет реттей алмайды. Мен жуырда жанармай бағасы жуық арада көтерілмейді деп болжам жасаған едім, енді міне аузым күйіп отыр», — деді Қарабалин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің кейбір өңірлерінде, әсіресе шекара маңындағы аймақтарда АИ-92 маркалы бензинге дефицит байқалуда. "Онда көрші елдерден келіп қазақстандық жанармайды алуға тырысатын көліктер өте көп. Өйткені бізде көршілес елдермен салыстырғанда ең арзан жанармай болып отыр", — деді вице-министр. 

«Жанармай қымбаттауының тағы бір себебі: Ресейдегі жанармай өндіру зауыттарының бірінде орын алған апат. Онда қазір жұмыс тоқтап тұр. Сонымен қатар, Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізілуде», — деді вице-министр.