Жарияланды: 430

Жаңа Еңбек кодексi жұмысшыларды қысқартудың 2 жағдайын көздейдi

Жаңа Еңбек кодексi  жұмысшыларды қысқартудың 2 жағдайын көздейдi

Жаңа редакцияланған Еңбек кодексi жұмысшыларды қысқартудың екi жағдайын көздейдi.

  Оның бiрi - кәсiпорын жабылып немесе қайта құрылып, бұрынғы еңбек шарттары өзгерсе, екiншi жағдай - кәсiпорынның өнiмдiлiк көлемi төмендесе. 

Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте жаңа Еңбек кодексiн таныстыра отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлiм еттi.

«Қазiргi заңнама бойынша жұмысшыларды қысқартудың бiр нормасы бар, бiрақ ол норма  кәсiпорын қайта құрылса,  кәсiпорынның жұмысы құлдыраса немесе керiсiнше жақсарса, қолданылмайтын норма. Сондықтан,  бiз жаңа Кодеске сай бiз жұмысшыны қысқартудың екi жағдайын анықтадық»,-деп түсiндiрдi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, жаңа редакцияланған Кодекс нормасына сай, ендi жұмыс берушi өз  кәсiпорыны жабылып немесе қайта құрылған жағдайда және кәсiпорнындағы өнiмдiлiк көлемi азайып, экономикалық шығынға ұшыраса жұмысшыларын қысқарта алады. «Егер жұмысшы бiрiншi жағдай аясында қысқаруға ұшыраса жұмыс берушi оны алдын ала ескертiп, 1 айлық жалақы көлемiнде өтемақы төлейдi. Екiншi жағдайда жұмыс берушi 15 күн бұрын қағаз жүзiнде ескерту таратып, оған 2 айлық жалақы мөлшерiнде өтемақы төлеуi керек», - деп түсiндiрдi ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін