Жаңа жыл түні Алматыда елуден аса адам отшашудан зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл түні Алматыда елуден аса адам отшашудан зардап шекті

31 желтоқсан мен үшінші қаңтар аралығында Алматыда 57 адам отшашудан зардап шеккен, олардың жетеуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Нұржан Исабеков.

"Төртеуі Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, үшеуі – Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында. Жағдайлары бір қалыпты. Жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатқандар жоқ. Зардап шеккендердің жасы – ең кішісі 2011 жылы туылған, ең үлкені 1969 жылы туылған. Жарақаттар: бесеуінің көз алмасына зақым келген, екеуінің қолы күйіп қалған. Жасы ең кіші бүлдіршін бірнеше жарақат алған: от-жалыннан күйік шалып, екі қолы білезікке дейін ашық жарақат алған, екінші саусақ сүйегі сынған, соған қарағанда отшашу күшті болған екен", — деді ол. Қалған 50 адам жеңіл-желпі күйік алған, бет терісі мен қолдары жарақаттанған.

  • 5 Қаңтар 2017
  • 658
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар