Жапонияда саяхатшылар автобусы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда саяхатшылар автобусы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты

Жапонияда саяхатшылар автобусы апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты

Жапонияда Токиодан Нагано префектурасындағы демалыс аймағына бара жатқан саяхатшылар автобусы жол-көлік апатына ұшырап, 14 адам қаза тапты, тағы 27 адам жараланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

  • 15 Қаңтар 2016
  • 536
Фото - Caravan.kz


Жол апаты, тау ішіндегі жолда орын алған. Автобуста 41 адам, оның екеуі көлік жүргізушісі болған. Болжам бойынша, автобус Каруидзава курортына жақындап қалған тұста жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 3 метр биіктен аударылған. 
Апат таңға жуық болғаны, алайда ол кезде жол тайғақ болмағаны хабарланды. 
Жапонияда соңғы жылдары бірқатар жол-көлік апаты жүргізушінің қалғып кетуінен болған.