Жаппай дорама көрген жастар кәрісше хал сұрасып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаппай дорама көрген жастар кәрісше хал сұрасып жүр

Жаппай дорама көрген жастар кәрісше хал сұрасып жүр

Кейінгі кездері қазақтың қыз-жігіттері өзара кәріс тілінде амандасып, хал сұрасып жүргенін көз көріп, құлақ естіп жүр.

  • 30 Қараша 2020
  • 1078
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Кореяның кей — попына құмартып, осы елдің дорамаларына қызыққан ұл-қыздарымыздың қатары артқан. Тіпті олардың киім кию мен ас ішу мәдениетін меңгергендері де жоқ емес. Кәрістердің шоу-бизнесі мен киноиндустриясы біздің елімізде неге сұранысқа ие? Әлде отандық туындылар кейінгі толқынның көңілінен шықпай ма?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мамандардың сөзінше соңғы кездері дорама көретін жандардын саны күннен күнге өсіп, міне мына тұрған екі жігітке еліктеп кәріс тілін үйреніп, Кореяға кеткісі келетіндердің саны өсіп келеді. Тіпті солардың стилінде киініп, міне мынадай косметикаларын қолданады екен.
 

Ғалия 3-курс студенті. Жасы 20-да. Корей сериялдарын сүйіп көретін жастың бірі.

ҒАЛИЯ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, СТУДЕНТ:

«Маған кәрістің дорамалары ұнайды. Өйткені ол жақта түсетін актерлық құрам біріншіден ұнайды. Өйткені олар үлкен кастинг арқылы алғандықтан олардың олардың сюжеттері түсірілетін дорамалы ана көріп отқан көрерменді қызықтыра алады. Әр сериясы бірі біріне ұқсамайды. Ең бастысы олар Түріктердің, Үнділердің сериялары секілді бір-біріне ұқсамайды».

Бастысы басқаларға ұқсамайды, дейді. Не де болса сериял өзіне тартып тұрады екен. Бірақ зиян тұсы..

ҒАЛИЯ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, СТУДЕНТ:

«Иә өкінішке орай олардың жаңағы индустриясы біздің қоғамда менің ойымша екінші жағынан алып қарайтын болсақ, әсерін беріп жатыр. Өйткені менің таныс балаларым, дос балаларым бар шаштарын бояп, сырға тағатын».

Психолог Марал Сарбасқызының сөзінше зиян тұсы бұл ғана емес. Корей дорамаларын көрген кезде, сол сериялдың қиял ғажайып өміріне кіріп кетді. Ал киноның уақыты бітіп, өзіңнің шынайы өмірің басталғанда бәрі басқаша болады. Міне осылайша өрімдей жастар өз өмірі мен санасын виртуалды өмірмен шатастырып алады, дейді.

МАРАЛ САРБАСҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

«Ұқсап бақ емес, сіздің өзіңіздің қандай қасиеттеріңіз бар соны дамытсаңыз ол әр уақытта шынайы болады. Жалған өмірде виртуалды өмірде өмір сүріп жатамыз. Өзімізді соған сәйкестендіреміз ойша айтамыз. Иә, міне менде ұқсап жатырмын деген сөздің астарын сызып қойыңызшы. Ұқсап деген ол сіз емес. Ол басқа біреу».

Иә, расында солай. Ол басқа адам, басқа дәстүр, басқа мемлекет. Ал өз ерекшелігімізді насихаттай отырып түсіретін кинолар жоқ па сонда?

НИЯЗ ӘБДІҒАПАР, РЕЖИССЕР:


«Жалпы Қазақстанда соңғы жылдары киноиндустрия қарқынды дамып келеді. Бірақ өкінішке қарай жасөспірімдерге арналған кинолар аз. Тіпті жоқтың қасы десек те болады. Мәселенің екінші жағы тағы бар. Оңтүстік Корея сериялдарда  өздерінің дәртүрін қоса отырып түсіреді. Бұл оларға жарасады. Ал біздің салтымызға бұл келмейді. Жалпы бұл жерде актерлік өнердің дамуыда әсер етіп отыр. Біз әлі Кеңес Одағы кезеңіндегі тәжірбиеге сүйеніп оқытамыз».

Осы тұста бұл салада білім алып жатқан жастардың ойын да білуді жөн көрдік. Актерлық шеберлік бойынша білім алып жатқан 3-ші курс студенті Еркебұлан Ибрахимнің айтуынша, расында оқу жүйесінде жаңашылдық жетіспейтін көрінеді.

ЕРКЕБҰЛАН ИБРАХИМ, СТУДЕНТ:

«Ол кино индустрия, режиссерлардың қолында. Олар қазіргі таңда жастардың көңілінен шығатын тың жобаларды ұсыну керек. Біздер бұрынғы ата дәстүр, тарих, әдеби саламызбен қарқынды жәйлап оқып келеміз. Бұл дегеніміз заманауи бағытта білім алу жеткіліксіз. Сондықтан құрметті киноиндустрия саласы, құрметті режиссерлар сіздердің құлақтарыңызға алтын сырға. Сәттілік!»

Қоғам белсендісі Азаматхан Әміртайдың айтуынша, бізді Батыс елдері емес, Оңтүстік Корея жаулап алып қойған. Онымен қоса біздің сериялдарда ешқандай құндылық жоқ екенін айтады.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

«Ең қорқынышты соққы, ол идеологияға соққы. Бүгінгі күні ол кинолары арқылы былай айтқан кезде біздің жастарымыздың ойын жаулап алды. Енді ол идеологиялық ойды шығару мүмкін емес».

Сериялдан бөлек жастар мен жасөспірімдер арасында K-Pop тыңдармандары да жетеді. Өздерінің айтуынша,  біздің қазақ әндері өзгені сүюді үйретсе, K-Pop өзіңді сүюді, өзіңді бағалауды үйрететін көрінеді. Бастысы әр сөзінде терең мағына жатады екен.

Иә, біздің мақсат біреуді даттап, жақтау емес әрине. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деген бар ғой. Тек бір айта кетерлігі еліктеу өз алдына, оларға еріп кету де қауіпті. Жыл сайын Корей еліне оқуға, жұмыс істеуге кетіп жатқандар да аз емес.  

Соңғы жаңалықтар