Жарияланды: 370

Жақсылық Досқалиевтен жауап алу аяқталды

Жақсылық Досқалиевтен жауап алу аяқталды. Экс-министр кешелі-бүгін жалпы есебі төрт сағат бойы сот алдында жауап берді. Ол әу бастан-ақ өзіне тағылған айыптармен келіспейтіндігін айтты.

Экс-министр өз сөзінде: «Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тағылған айыптардың барлығын толық қарап, зерттеп шықтым. Олардың ішінен мені қылмыскер деп тануға нақты бір дәлелдер таппадым. Яғни,маған тағылған айыптардың барлығы сырттай құрастырылған», - деді.  Сот алдында ол өзінің жеке есеп-шоттары туралы ақпаратты жариялауды жөн көрді. Оның айтуынша, айына 380 мың теңге жалақы алып, оның жартысын депозитте сақтаған. Ал жедел  жәрдем орталығын салу кезінде мемлекетке 680 млн теңгеге жуық шығын келтірілді деген айыпты Досқалиев «жала» деп түйіндеді. Құрылыс компаниясы, экс-министрдің айтуынша, керісінше, сол ғимаратты өткізу үшін оған қысым көрсеткен көрінеді. Ал жауап алуға шақырылған куәгерлердің 11-і сотқа әлі келген жоқ. Сот қазір  олардың  бәрін қайта шақыратын болып шешті. Ендігі кезең бойынша 79 томдық қылмыстық іс алқа билер сотымен бірге қайта қаралып шығады. Тек содан кейін ғана жарыссөзге кезек келеді. Ал экс-министр үкім шыққанша тілшілерге сұхбат бере алмайтынын түсіндірді.   

Жақсылық Досқалиевайыпталушы, экс-министр:

- Шаршамайсыңдар...

- Коментарий, интервью не будет, вот когда приговор огласят, после этого я буду комментировать, поймите правильно, хорошо?

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін