Жарияланды: 510

Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді

Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді

 Жақын арада Қазақстанда дизель отынының бағасы көтерілмейді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Дизель отыны бойынша мемлекеттік реттеу толық көлемде сақталатындығына тоқталған ол: «Отынның бұл түріне Үкімет тарапынан шекті бағаны бекіту режімі қалпында қалып отыр. Осы орайда шекті баға бізде соңғы жылдары дәстүрлі түрде іске асырылып келген тиісті формула аясында бекітіледі», - деді.

Ұ. Қарабалиннің сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде дизель отынының қоры жеткілікті деңгейде. Базаларда 350 мың тоннаға жуық дизель отыны бар. Сонымен бірге зауыттарда да жөнелтуге дайындалған қор жинақталған. Бұл тұрғыда 70 мың тоннаға тарта жағармайдың бұл түрі дайындалды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін