Ал оның атышулы қарсыласы Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының Үйлестiру кеңесiнің атаманы Юрий Захаров бұл пікірмен келіспейді. Ол көрші елдің мемлекет басшысынан казактар «геноцидін» мойындап, 5 миллиард доллар көлемінде қаржылай өтемақы талап етуде.
Екі атаман да бірін бірі мойындамайды және мәлімдемелерін популистік деп есептейді. Әрқайсысы өз құқықтарын қорғау үшін халықарылқ сотқа дейін жүгінуге әзір.
КАРАВАН тілшісімен жолыққан атаман Овсянников казактардың өтінішіне Кремль тарапынан жауап болмағанын айтады. Бірақ, өздері үміт үзбейтінін айтады.
— Сонда казак әскерін жаңғыртуды қалай елестетесіз? Шынымен бейбіт күнде жалаң қылышпен көшеде жүріп, балаларды қорқытпақсыздар ма?
— Патшаның кезінде-ақ казактар үйінде қылыш ұстаған. Олар оны өз ақшасына сатып алған. Олар патша әскерінде қызмет етті. Өкінішке қарай, қазір казактар киімін айын бір мәрте ғана шіркеуге барғанда киеміз. Қылышпен жүрмейміз.
— Қазақстандағы 150 ұлт өкілдері казактар сияқты ұлттық қаруымымзбен жүреміз десе, онда еліміздің егемендегі мен қауіпсіздігі не болмақ?
— Тек қазактар ғана емес, жергілікті ұлтқа да қару ұстауына жол бермеу керек. Ал қылыш тіпті әскери ерекшелікке де жатпайды, ол дәстүрге құрмет көрсету десе де болады.
Біз казактар сияқты өмір сүргіміз келеді. Өкінішке орай, біз қазақ тілін білмегендіктен өзімізді екінші сортты халық сияқты сезінеміз.
— Ал мемлекеттік тілді үйренгу не кедергі?
— Біз үйреніп жатырмыз. Бірақ ештеңе өнбей жатыр.
— Ресейде тұрғыңыз келсе неліктен елшілікке барып, азаматтықты ауыстырып көшіп кетпеске? Мұндай мәлімдеменің қажеті не?
— Біз осы мәселені Путинге айтсақ, ол келіңдер дейді. Біз «жоқ» дедік. Бізге көшудің қажеті жоқ. Сіз бізді әскер ретінде шығарып алыңыз деп отырмыз. Бізге үлкен бұйрық керек.
Біздің ата-бабаларымыз жер ауып келген келімсектер емес, арнайы бұйрықпен келген. Бұл жерде казактар сияқты өмір сүре алмасақ, онда тұрмаймыз.
Казактардың енді бір атаманы Юрий Захаров Овсянниковқа қарағанда басқаша әрекет етуді жөн санапты. Ол бір жылдан бері Ресейден казактардың «геноцидке» ұшырағаны үшін 5 миллиард доллар талап етуде. Қосымша үстеме ретінде Сахалин аралын сұрап отыр.Бұған қоса Захаров Ресей үкіметіне казактар алдында өз ісіне өкініш білдіруге мүмкіндік беріпті. Ал ақшаны тек игілікті істерге жұмсамақ. Мысалы: ауылшарушылығын өңдеу. Владимир Путин әкімшілігінен Сахалинды бос қалғаны үшін этникалық аймақ ретінде казактарға беруді ұсыныпты. Ал казактар тұратын тарихи жерлер Дон, Кубань,Терек, Орал қазір өзге ұлтардың мекені деді Захаров.
Ал атаман Овсянниквтың казактарды арнайы бұйрықпен елден шығару туралы мәлімдемесін негізсіз деді.
— Біз Овсяниковты барлық ұйымдардан шығарып жібергенбіз. Ол ресми түрде ешкім емес.Өзін өзі атаман деп жүр. Басты қатырмасын. Біз оны казактар әскерінен 30 миллион теңге жымқырғаны үшін қуып жібергенбіз,- деді атаман Захаров.
Ал Жетісу казактары Одағының атаманы Владимир Шихотовтың айтуынша, Захаровтың да, Овсянниковтың да мәлімдемелері арандатушылық екен.
— Захаров Америкаға барып келгелі қатты өзгеріп кетті.АҚШ-та өткен ресейлік отандастарының төртінші форумында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан сөз сөйледі. Сол кезде ол Қазақстанның тәуелсіздігіне 10-15 жыл ғана уақыт қалды. Жақында қазақ-қытай шекарасы болмайды.Оның орнын ресей-қытай шекарасы басады деп мәлімдеме жасады,- дейді Шихотов.