Жарияланды: 60

Жақыпова зейнетақы жүйесіне қатыспағандардың тағдыры не болатынын айтты

Жақыпова зейнетақы жүйесіне қатыспағандардың тағдыры не болатынын айтты

Зейнетақы жарнасын ұстау тәртібі мен мерзімі үкімет қаулысымен реттеледі.

Қазақстандықтар пәтер мен көлікті сатудан түскен табыстан зейнетақы жарнасын төлемейді. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін отандық БАҚ пен әлеуметтік желілер пәтер мен көлікті сатудан түскен табыстан зейнетақы жарнасы ұсталатынын айтып шулаған еді. Бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

"Әлеуметтік желілерде пәтер мен көлікті сатудан түскен табыстан зейнетақы жарнасы ұсталады деп жазып жатыр. Мүлде олай емес. Бұл табыстан зейнетақы жарнасы алынбайды. Жарна тек қана қызмет көрсету немесе жұмысты орындау туралы келісімшарт бойынша алынған табыстан ғана ұсталады. Қазір жұмыс берушілер мен жеке тұлға осындай келісімшарт бекітіп, зейнетақы жарнасын төлемей жүре береді. Қартайғанда алатын зейнетақысын ешкім ойламайды. Сіздер білесіздер, зейнетақы жүйесіне қатыспаған адамдар тек базалық зейнетақы алады", —деді ол. 

Оның айтуынша, заң жобасы өткен жылдан бері әзірленді, қоғамдық талқылауға да салынған. 

"Негізі, қызмет көрсету келісімшарттарының түр-түрі бар. Біз оның бәрін тізіп жаза бермей, азаматтық-құқықтық келісімшарттар деп алуды жөн көрдік. Ал зейнетақы жарнасын ұстау тәртібі мен мерзімі үкімет қаулысымен реттеледі", — деді вице-министр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін