Жарнама компаниялары жаңа талаптарға қарсылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жарнама компаниялары жаңа талаптарға қарсылық білдірді

Жарнама компаниялары жаңа талаптарға қарсылық білдірді

Алматының кәсіпкерлері қаладағы билбордтардың көлемін өзгертуге қатысты тыйымды алып тастауды талап етуде.

  • 22 Қаңтар 2016
  • 224
Фото - Caravan.kz

Қала әкімдігі оларға өлшемі үлкен тақтайларды орналастыруға тыйым салған. Ал оның орнына өздері бекіткен форматтағы билбордтар қойылуы керек екен. Кәсіпкерлерді мол шығынға батыратын бұл шешімнің жүзеге асуына бар-жоғы желтоқсаннан бері 4 ай уақыт беріліпті. Яғни енді сәуірдің алғашқы күніне дейін барлық тақтайшалардың ені 2,30 ұзындығы 3,14 метр болуы қажет. Белгіленген уақытқа дейін өзгеріс байқалмаса жаңа талапқа сай келмейтін билбордтарды әкімдік алып тастайды. Шенеуніктер талапты орындамаған жарнама компанияларының нарықтан кететінін де ескерткен. Кәсіпкерлер енді бұл өзгертудің ешкімге де тиімді емес екенін айтып, одан бас тартуды сұрап отыр.

Жанна Тойғанбаева, жарнама компаниясының өкілі:

— Жарнама берушілердің де бұл өлшемге келіспейтіні сөзсіз. Себебі, олардың әрқайсысы өз жарнамасының жұртқа ірі көлемде көрінгенін қалайды. Әкімдіктегілер мен мәслихат депутаттары шешімдерінен бас тартады деп үміттенеміз.