Жарияланды: 500

«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы сайланды

«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы сайланды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен

«Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің отырысында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағалығына Шахмардан Байманов сайланды.

Шахмардан Байманов Қорқыт Ата атындағы университетті «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі қызметінен бастаған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ-да атқарушы директор орынбасары және атқарушы директор лауазымында еңбек етті.

Бүгінгі қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болды, деп хабарлайды nurotan.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін