Жауапқа тартылған Қайрат Нұртастың анасы өз пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жауапқа тартылған Қайрат Нұртастың анасы өз пікірін білдірді

Жауапқа тартылған Қайрат Нұртастың анасы өз пікірін білдірді

Қайрат Нұртастың анасы жауапқа тартылды! Жол ережесін бұзып, екі бірдей көлікті қағып өткені үшін Гүлзира Айдарбекова енді қомақты айыппұл төлеуі тиіс.

  • 29 Қараша 2014
  • 526
Фото - Caravan.kz

Ақ «Лексусты» тізгіндеген белгілі продюсер басты жолға баса-көктеп кіріп кеткен болатын. Салдарынан қос бірдей жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушінің бірі мойнынан жарақат алған. Жұлдызды әншінің анасы жасаған жол апаты төңірегіндегі дауды да көтерген осы жүргізуші. Мойны үзіле жаздаған Евгений Маринков «әйгілі отбасы ақша бермей жүр» деп бір ай бойы даурықты. Ақыры зардап шеккен жақ продюсер келіншекпен сотта кездескен. Енді Гүлзира Айдарбековаға жол ережесін бұзғаны үшін 388 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.


Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы:

-Атақты адам болған соң «есірген ғой» деп жұрт қарғауы да мүмкін. Сосын осы жамандықтың бәрі осымен кетсінші, «құрысыншы» деп, ақшасын берейін деп, толығымен келістім.