Жауапсыз көршінің кесірінен 6 жасар бала мүгедек болып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жауапсыз көршінің кесірінен 6 жасар бала мүгедек болып қалды

Жауапсыз көршінің кесірінен 6 жасар бала мүгедек болып қалды

Алматыда жауапсыз көршінің кесірінен 6 жасар бала мүгедек болып қалды. Оқиға балалар алаңында орын алған. Аулаға ентелей кірген көршінің көлігі бүлдіршінді басып барып бір-ақ тоқтапты. Ауыр жарақат салдарынан бүлдіршін балдаққа сүйеніп қалған. Ал көлік сатумен айналысатын кәсіпкер келіншек көмек қолын созбақ түгілі, өзін кінәлі сезініп отырған жоқ дейді жарымжан қыздың анасы.   

  • 25 Қазан 2013
  • 401
Фото - Caravan.kz

Жасмин жаны қиналғаннан көзіне жас алуда. Бұл апаттан соң 15 күннен кейін анасының түсіргені. Осыншама уақыт бойы қыз ауруханада ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер сынған аяғының сүйектерін жалғап, іліп қойған. Бүлдіршіннің миы да шайқалыпты. Сол үшін де биыл бірінші сыныпқа бара алмай, қатарластарынан қалып қойды.

Венера Сексенбаева, Жасминнің анасы:

— Ертеңгі күні қыз бала бойжетпей ме? Ертеңгі күні жүрмей ме? Сол кезде ақсаңдап жүрсе, кім қарайды бұған? Жүгіріп жүрген сап-сау, бір жері қыңқ етіп ауырмаған мүгедек қылып қойды.

Жасминнің ендігі ойын алаңы — бөлме іші. Онда да ойыншығын емес, балдағын көп қолға алады. Екі бірдей операцияның салдарынан, көлік жаншыған аяғы бір қарыс қысқарып қалған.

Ал жұдырықтай ғана Жасминді қаққан мына даңғарадай көлік – Хонда Акура. Айыппұл тұрағында тұрғанына 5 ай. Істің созбалаңға салынғаны соншалық, көлікті қалың шаң басқан.

Ал мүгедек атанған баланың анасы кінәлі тарапты жарты жылдан бері жауапқа тартқыза алмай әлек. Қаққан өз көршісі екен. Күнде көз алдында көлбеңдеген ол тағы бір сүліктей жаңа көлікті мініп алыпты. Бүлдіршіннің обалына қалдым-ау деп жүрген ол жоқ.


Юлия Аксенова:

— Менің көлігімнің үлкен болғанына мен кінәлі емеспін. Тар жолға сыймай қалдым. Қыз алдымнан өзі жүгіріп шықты. Дер кезінде тежегішті басуға мүмкіндік болмады.

Енді сот кінәмді дәлелдесе ғана мүгедек бүлдіршіннің еміне ақша берем дейді. Бірақ істің сол сотқа жетуі мұң болып тұр. Қылмыстың өзі күні кеше ғана қозғалыпты. Бірақ одан қаймығып отырған көрші жоқ. Өзін білдей бір автосалонның бас директорымын деп таныстырып, «құрығы ұзын» екенін көрсетіп бағуда.