Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер 19 қылмысқа барған
![]() |
БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалық етуімен өткен облыстық ведомствоаралық комиссия отырысында девиантты мінез-құлықты, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұратын жасөспірімдердің жазғы демалысын және бос уақытын дұрыс өткізуін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. |
Жиында БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Мүсілім Жәрдемовтің мәлім еткеніндей, өткен жазда стационарлық және мектеп жанындағы лагерьлерде 300-ден астам полиция қызметкері тәртіпті сақтауға қатысты, соның нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берілген жоқ. Жалпы, жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер 19 қылмыс жасаса, соның 14-і мектептер мен колледждер оқушыларының үлесіне тиеді.
Жиында аталып өтілгеніндей, ішкі істер органдарында есепте тұратын 666 жасөспірімнің тек 40-ы ғана спорттық үйірмелерге тартылған. Осыған орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке девиантты мінез-құлықты балаларды спорттық үйірмелерге тарту жұмысын жандандыру тапсырылды. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ширата түсуі қажеттігі айтылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін