Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды

Жедел жәрдем қызметкерімен жанжалдасқан жүргізуші қамауға алынды

Жол үстінде жанжалдасқан алматылық жүргізушіні қалай жазалағаны белгілі болды.

  • 30 Мамыр 2018
  • 86
Фото - Caravan.kz

Алматыда жол үстінде жедел жәрдем жүргізушісі және дәрігермен жанжалдасқан Daewoo Nexia көлігінің иесі ұсақ бұзақылық үшін жазаланды. Тиісті қаулы туралы Sputnik Қазақстанға Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлаған.

"Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік ауданаралық сот қаулысымен А. есімді азамат 434-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза ретінде үш тәулікке қамауға алынды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Қаулы 28 мамырда шығарылған, баспасөз қызметі өкілінің сөзіне сүйенсек, қазір құқық бұзушы жазасын өтеп жатыр.

Бұдан бұрын Instagram желісінде Алматы тұрғыны Элени Хондолиди жедел жәрдеммен немересін ауруханаға әкеле жатқанда түсірген видеосын жариялады. Жеңіл көлік жүргізушісі фельдшермен жол үстінде жанжалдасқан. Хондолиди айтуынша, Daewoo Nexia иесі жедел жәрдем көлігінің жүруіне кедергі жасапты. 

Алматы ІІД баспасөз қызметі келесі күні жүргізушінің ұсталғанын хабарлаған.


Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ
 
 

Соңғы жаңалықтар