Жарияланды: 510

Желтоқсанда Астанада 3 денсаулық сақтау нысаны ашылады

Астанада желтоқсан айында тәуелсіздік үні қарсаңында 3 жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылады, деп мәлім етті Астана әкімінің орынбасары Аида Балаева.

«Көп көлемде қаржы бөлудің арқасында соңғы 2 жылда ғана 4 жаңа медициналық нысан салынды, ол жерде ең соңғы жабдықтар орнатылды. Тағы 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып қалды. Оның үшеуін тәуелсіздік күні қарсаңында ашу жоспарланған», - деді А. Балаева бейсенбі күні республикалық ғылыми форумда. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, желтоқсан айында Астанада 500 төсектік көпбейінді стационар, бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық кешен, бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын диагностикалық емханасы бар 350 орындық көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға беріледі. «… Елорданың денсаулық сақтау жүйесі ... табысты және инновациялық болуы үшін оны қаржыландыру жыл сайын 25-30%-ға арттырылады», - дедіА. Балаева. Республикалық дәрігерлер форумы Қазақстанда 17 маусымда атап өтілетін медициналық қызметкерлердің күніне арналып отыр. Қазақстан тәуелсіздігінің күні 16 желтоқсанда атап өтіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін