Жемқорлардың тегі мен суретін бір видеоға топтастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлардың тегі мен суретін бір видеоға топтастырды

Жемқорлардың тегі мен суретін бір видеоға топтастырды

 

  • 19 Шiлде 2019
  • 2263
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі медицина саласында істеген шенеуніктерді ұстау кезінде түсірілген видеоларды жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Антикоррупциялық қызмет таратқан видеода сотталған шенеуніктердің тегі мен суреттері жарияланған, сондай-ақ оларды ұстау кезінде түсірілген видеолардың үзіндісін көруге болады.

  2016-2019 жылдары аралығында денсаулық сақтау саласында 443 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. 191 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстар көбіне Түркістан, Қызылорда, Павлодар және БҚО-да тіркелген.