"Жетпегені осы еді". Бойжеткен жігітіне өзі ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жетпегені осы еді". Бойжеткен жігітіне өзі ұсыныс жасады

"Жетпегені осы еді". Бойжеткен жігітіне өзі ұсыныс жасады

Қазнетте бойжеткен өзінің жігітіне үйленуге ұсыныс жасаған видео тарады.

  • 13 Сәуiр 2023
  • 302
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл видео Тұрдалиева есімді TikTok қолданушысының парақшасында жарияланып, 1 миллион қаралым, 79500 лайк жинаған.

Кадрдан тізерлей отырған қыз өзінің сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, саусағына сақина таққанын байқауға болады. Ал жігіт ойланбастан "иә" деп жауап береді.

Бұл көрініске Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Мәхірге не сұрайсың?", "Осындай қыз бұйырсын", "Ол иә деді", "Гүл бермегені ұят болыпты", "Осындайға жәймен келе жатырмыз", "Жетпегені осы еді", — дейді олар.