Құжатқа Денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова мен қауымдастық басшылары: Республиканың фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы», Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер» және «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнімдерін таратушылар» қол қойды, деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл меморандумға қол қоюдағы мақсат халықтың әлеуметтік аз қамтылған буынын қолдау болып табылады.
«Отандық және халықаралық дәрі-дәрмек және медициналық тұрғыдағы бұйым өндірушілер, бөлшек сауда өкілдері мен өнім таратушылар бағаны 2015 жылдың 1 наурызы деңгейінде бекітті және жиі қолданылатын дәрі-дәрмектің 200 түріне бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілік алды», делінген хабарламада.