Жоғалып кеткен Грекия елшісінің мәйіті Рио-Де-Жанейродан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.97
  • 607.3
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалып кеткен Грекия елшісінің мәйіті Рио-Де-Жанейродан табылды

Жоғалып кеткен Грекия елшісінің мәйіті Рио-Де-Жанейродан табылды

Рио-де-Жанейро полициясы Грекияның Бразилиядағы елшісінің мәйітін өртеніп кеткен көлік ішінен тапты.

  • 30 Желтоқсан 2016
  • 852
Фото - Caravan.kz


Табылған дененің шын мәнінде грекиялық дипломат екенін нақтылау мақсатында мәйіт сараптамалық орталыққа жөнелтілген. Ал өртеніп кеткен машинаның мемлекеттік нөмірі елші жалға алған көліктікімен бірдей болып шықты. Бұл туралы жергілікті басылымдар жариялады. 59 жастағы дипломатты соңғы рет дүйсенбі күні көрген. Бұған дейін елшінің жоғалып кеткенін Геркия Сыртқы істер министрлігі де растаған болатын. Ол еңбек демалысын алып Риоға тынығуға келген. Алайда мұнда қандай жағдайға душар болғаны әліге дейін белгісіз.