Жоғарғы сот аппаратының басшысы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы сот аппаратының басшысы ауысты

Жоғарғы сот аппаратының басшысы ауысты

Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров бүгін соттардың қызметін (ЖС аппаратының) қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің жаңа басшысын таныстырды.
           Жоғарғы сот кеңесінің хаттамалық шешімі және президент әкімшілігінің келісімі бойынша жаңа басшы болып Ілияс Испанов тағайындалды. Бұл туралы  Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
           Бұған дейін І.Испанов Астана соттар әкімгері, Жоғарғы сот жанындағы соттық әкімшілік жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары, экономика және қаржы департаментінің басшысы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау, бас прокуратураның қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры болды.
           Жоғарғы сот аппаратын бұрын басқарған Марат Жұмағұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 686
Фото - Caravan.kz