Жоғарғы соттың судьясы депутаттардан сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы соттың судьясы депутаттардан сөз естіді

Жоғарғы соттың судьясы депутаттардан сөз естіді

Жоғарғы соттың судьялары билер мен медиацияның айырмасын білмейді. Бүгін Мәжіліс депутаттары Азаматтық іс жүргізу кодексіне сот медиациясын күшейту туралы заңды алып келген судья Ұлбосын Сүлейменованы сауатсызсың деп сөкті.

  • 12 Наурыз 2015
  • 247
Фото - Caravan.kz

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

-Заңды дайындаған адамдардың өзі билер соты мен медиацияны шатастырып отыр. Билер сотында судья шешім қабылдайды. Ал, медиатор араласқан жерде тараптар өзара татуласып, іс сотқа жетпей тоқтайды. Осыны да білмейтін судьялардан әділ медиатор шыға ма,өте күмәнді.

Судья Сүлейменова «сот медиациясы туралы құжатты әзірлегенде шетелдік тәжірибемен қоса қазақтың дәстүрлі билер соты ескерілді ме?» деген сауалға  жауап беремін деп сүрінді. Судья: билер соты сынды ақсақалдарды араластырып, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында талай дауды шештік дегені сол еді, депутаттар өре түрегелді. Тіпті мәжілісмендер мұндай судьяларды медиатор ретінде дауға қатыстыру қауіпті деп отыр. Сондықтан тараптарды татуластыратын адамды жаңадан ашылған «Медиаторлар палатасы» арқылы жіті тексеруді ұсынды. Бірақ, Мәжіліс құжатты бірінші оқылымда қабылдады. Ол бойынша, медиатор өзара тартысып жүрген жандармен алдын ала кездесіп, бітімгершілікке шақырады. Сөйтіп, азаматтық істі мүмкіндігінше сотқа жеткізбеу көзделген. Сонда судьялардың да жұмысы жеңілдемек.