Жоғары оқу орындары ақылы білімнің бағасын өздері белгілейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары оқу орындары ақылы білімнің бағасын өздері белгілейтін болады

Жоғары оқу орындары ақылы білімнің бағасын өздері белгілейтін болады

Білім министрінің айтуынша, елімізде жоғары білім тым арзан деген пікірлер жиі айтылады.

  • 25 Сәуiр 2018
  • 82
Фото - Caravan.kz

Жоғары оқу орындарында ақылы түрде білім алудың бағасын реттейтін норманы алып тастау ұсынылып отыр. Бұл жаңашылдық жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, жаңа заң жобасында жоғары білімнің бағасы гранттан арзан немесе қымбат болмауы керек деген норманы алып тастау ұсынылып отыр.

"Біз осы норманы алып тастауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындары өздері қажет деп тапқан ақыны бекітетін болады және тиісті есебін ұсынады", — деді министр.

Оның айтуынша, бұл мемлекет бөлетін гранттарға әсер етпейді.

"Біз грант бөлеміз ғой, бағасы өзгермейді. Көп адам біздің білімді тым арзан деп есептейді. Жоғары оқу орындарында білім алу тым қымбат деп ойлайтындар да аз емес. Сондықтан жоғары оқу орындарына ақылы бөлімдердегі оқу құнын өздерінің шешуіне мүмкіндік беру дұрыс деп санаймыз. Өйткені көп адам бәрібір ұлттық жоғары оқу орындарына грантқа түседі", — деді Сағадиев.

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасын бүгін мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта еңбек кодексі мен үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.


Оқи отырыңыз:

Луи Вьютон бренді алматылық барахолканың үстінен шағым түсірді

Есболат Беделхан Black Dial тобынан кеткен рэперлерден 96 миллион теңге талап етті

 

 

 

Соңғы жаңалықтар