Жарияланды: 390

Жол апатынан 1 бала мерт болып, 3 бала ауруханаға түсті

Жол апатынан 1 бала мерт болып, 3 бала ауруханаға түсті

30 тамыз күні кешкі сағат 20.20 шамасында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының Баянды кенті маңында тас жолда жол апаты орын алды.

Opel Vectra және Chevrolet Cobalt көліктерінің қақтығысуы салдарынан алты адам зардап шекті, олардың төртеуі - балалар, деп хабарлайды lada.kz. 

Бір бала оқиға орнында көз жұмды. 9 жасар ұл бала мен 7 жасара қыз бала жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы бір бүлдіршін травматология бөліміне жатқызылды.

Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Мұсақановтың айтуынша, балалар көптеген жарақаттар алған.

- Мұнда балалар кешкі сағат тоғыздар шамасында жеткізілді. Олардың өкпелері зақымданған, бас сүйектері ауыр жарақаттанған. Ұл баланы травматология бөліміне ауыстырдық, қыз бала әзірге жансақтау бөлімінде, - деді ол.

Әзірге апатқа кінәлілер аталмады. Тану жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін