«Кеше өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қолдады», — деді А. Шпекбаев.
«Біз осы заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жол апаттары, содан болатын өлімдер мен зақымданулар саны 10 — 15%-ға азаяды деген болжам жасап отырмыз және соны күтеміз», — деді ол.
Өз кезегінде еліміздің ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов журналистерге берген сұхбатында аталған заң жобасының бір артықшылығы ретінде жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін балама жаза жүктеуді алып тастауды санайтынын айтты. «Жазадан басқа баламаның жоқтығы ереже бұзушылықтармен тиімді күресуге жәрдемдеседі», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті