Соңғы кезде полицейлердің ішкі мәдениетінің төмен екенін дәлелдейтін осындай жазбалар жиі жарияланып жүр. Бірінші кезекте бұған сол жол сақшыларының өздері себепкер. Мәселен мына петропавлдық полицей.
-Что вы говорите?
-Тупой или че?
— Служебное удостоворение покажите!
-Тупой или че?
Аға лейтенант қызметтік куәлігін көрсетуді сұраған жүргізушіні балағаттап тұр. Көлікті не үшін тоқтатқанын түсіндіре алмай, «топас» деп бұрылып кетеді. Ролик авторы Максим Данилов осыған дейін жергілікті полицейлермен бейнетіркегішті дұрыс орнатпағы үшін соттасып, жеңіліп қалғанын айта кетейік.
Ал қарағандылық 142 КР нөмірлі экипаждың тас жолдағы әрекеті қазір ғаламторда қызу талқыланып жатыр. «011» деген борттық нөмірі бар қызметтік көліктегі полицейлер жолдағы машиналардың бірімен ерегесіп, оны жиегіне итермелеген. Осылайша жарысып, біразға дейін барады. Сондағы «Лада» иесінің бар кінәсі ережені сақтап полицейлердің алдына шыққаны.
-Смотри что делает?! Вот урод, а! Это не человек, это урод, моральный!
Бір қызығы, дәл осы экипаждың бұрын да Теміртауға барар тас жолда ойына келгенін жасап, жүргізушілерге кедергі келтіргені белгілі болып отыр. Полицей сол жақ жолаққа шығып алып, баяу жүріп алған. Дыбыстық белгі берген сәтте кенет тежегішті басса, кейін жылдамдығын сағатына 150 шақырымға дейін жеткізген.
-2-3 раза подрезал, привышение скорости. Играет в гонки со мной.
Алматының полицейлері де атаусыз қалмады. Трамвайдың алдынан кері айналмақ болған патруль онымен соқтығысып, кейін тіпті өз әрекеттерінің заңды екенін айтпақ болған. Бірақ трамвайдың жалғыз жолы бар екенін ұққан соң өз жөнімен кетті. Алайда мемлекеттік көліктің артқы тұсы жапырылып қалды.
-Жолдағы тәртіпке жауапты сақшылар осылайша өздері тәртіп бұзуды доғағар емес. Айтылған жайттар бойынша қазірше ішкі істер департаменттері үнсіз. Көбіне заңды аяқасты еткен азаматқа қатысты ешкім арызданбаса, оның жазасыз қалатыны белгілі. Дегенмен аты аталып, қызметтік көлігінің нөмірі айқын көрінгендер кемінде сөгіс алып, тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.