“Жолбарыс Сейфуллин үйімді алдап тартып алды” - Бақыт Шадаева шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жолбарыс Сейфуллин үйімді алдап тартып алды” - Бақыт Шадаева шындығын айтты

“Жолбарыс Сейфуллин үйімді алдап тартып алды” - Бақыт Шадаева шындығын айтты

Әнші Бақыт Шадаева "ElMedia" бағдарламасында берген сұхбатында Сейфуллин Жолбарыстың алдап кеткенін айтты. 

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 21 Сәуiр 2022
  • 1874
Фото - Caravan.kz

Әнші өнердегі бауыры санап жүрген Жолбарыс Сейфуллин жайлы өз шындығын жайып салды.

"Бір жылдары жанұямның жағдайын жасау үшін екінші үй сатып алдым. Сол кездерде сыйласып, өнердегі бауырым, бір жолда келе жатқан Жолбарыс Сейфуллин келіп бала-шағам бар тұратын жерім жоқ, мен мына үйде тұрсам бола ма деп сұрады, мен әрине отбасылы адамсың үй алғанша жалдап тұра тұр деп айттым. Жаным ашып бауырымдай көрдім.

Содан ол біраз уақыт өткеннен соң үйді мен сатып алайын деп ұсыныс білдірді, жартысын ақшалай берем, жарты ақшасына ән жазып беремін, -деді. Тіпті оғанда келістім, талантты сазгер жазып берер әнін деп, сол сәтте бірден нотариусқа барып үйді өз атына аударып беруін сұрады, мен барып, сеніп аударып бердім. Содан кейін жоқ болып кетті. Ақшасын берген жоқ, лақтырып кетті.

Бір күні қарасам басқа әншілермен жұмыс жасап жүр, Роза Рымбаевамен жұмыс жасаймын деп шықты, бір кездерде менімен тіпті амандаспай қойды, ән жазу былай тұрсын танымаған адам сияқты өтіп кететін болды. Қатты таң қалып не істерімді білмей қалдым.",- деді Бақыт Шадаева. 

Оның айтуынша үйі үшін 1200$ ғана ақша төлепті.

Желі оқырмандары: "Мәссаған! Қалай олай жасайды","Базар жоқ","Нанды адал жеген жақсы ғой","Бұл қатында аяқ-асты шығып хайп ұстап кетті ма не боп кетті","Көктем әсер етуде","Хайп шығар","Жолбарыс ондай емес шығар",- деп жазды.