Ж.Қалыбайға қол қою парақтары беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ж.Қалыбайға қол қою парақтары беріледі

Ж.Қалыбайға қол қою парақтары беріледі

 Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Жарылқап Қалыбайға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды. 

  • 16 Наурыз 2015
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қалыбай Жарылқап Сейдләұлының Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша, біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес деп белгіленсін. Екіншіден, Ж.Қалыбайға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін», — деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

ҚР ОСК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.