Жарияланды: 490

Жүргізушілер жол полициясымен болған әңгімені кез-келген жазу құралына түсіре алады

Жүргізушілер жол полициясымен болған әңгімені кез-келген жазу құралына түсіре алады

Жүргізушілер жол полициясымен болған әңгімені кез-келген жазу құралына түсіре алады.

Өйткені бейне-жазба құралдарын пайдалану тәртібі заң арқылы реттелмеген, деп ІІМ Жол полициясы комитеті басшысы Берік Бисенқұлов мәлім етті. «Жүргізушінің жол полициясы қызметкерімен сөйлесу барысында бейнетіркеу немесе кез-келген бейнежазба құралын пайдалану тәртібі заң арқылы реттелмеген», - деді Б.Бисенқұлов сейсенбі күні ІІМ сайтында өткен интернет-конференцияда. Комитет басшысының айтуынша, жүргізуші түсірген материалды жол апатына қатысты әкімшілік іс барысында пайдалану «сот органдарының құзырындағы шаруа». Сондай-ақ, жол полицейлері жүргізуші куәлігін жол ережесін бірнеше рет бұзған жағдайда немесе істі әкімшілік сотқа жөнелткен кезде ала алады. Бұл туралы сейсенбі күні ІІМ сайтында өткен интернет-конференцияда Жол полициясы комитеті басшысы Берік Бисенқұлов мәлім етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін