Жұрттың бәрі қызығарлықтай қалыңдық болғым келмейді - Айсауле Бақытбек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұрттың бәрі қызығарлықтай қалыңдық болғым келмейді - Айсауле Бақытбек

Жұрттың бәрі қызығарлықтай қалыңдық болғым келмейді - Айсауле Бақытбек

Кейбіреулер оны тым ерке десе, екіншілері өз жасынан асқан зерек деп есептейді. Ол бүкіл елдің көз алдында бой жетіп, өмір жолы еліміздің ең танымал әйелдерінің бірі болып саналатын анасының қызметімен тығыз байланысты болды.

  • 19 Желтоқсан 2017
  • 5959
Фото - Caravan.kz

Баян Алагөзованың (бұрынға Есентаева) қызы қазір қалай өмір сүруде? Ол өзін Қазақстандағы әрбір жас жігіт армандайтын, көпшілік қызығарлықтай қалыңдық деп санай ма?

Осы және өзге де жайттар туралы Айсауле Бақытбек Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

— Сіз шетелге көшу туралы ойладыңыз ба? Мысалы, өз Instagram парақшаңызда жиі жазатын Америка Құрама Штаттарына…

— Жоқ. Бұл маған өз отанымдағы көп жайттар ұнайтындықтан емес, бала кезімнен Қазақстанға деген махаббат пен құрметті бойыма дарытқандықтан деп білемін. Кіндің қаным тамған жерді мақтан тұтамын және ешқандай жерге айырбастамаймын. Әрине, бізде көптеген кемшін тұстардың барын да жасырмаймын. Мысалы, жемқорлықтың жоғары деңгейі, жалақы мен зейнетақының төмендігі, әйелдер құқығының тапталуы, қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерге деген немқұрайлылығы (қайырымдылықтан бастап, қоқысты дұрыс өңдеу мәселелеріне дейін). Бірақ бұл айтылғандардың барлығы туған үйіңнің жылуын сезінумен салыстырғанда түк те емес.

Өзіңізді еліміздегі мыңдаған қыздар үлгі тұтып, ақылыңызға құлақ асатын адам ретінде санайсыз ба?

Өзім туралы қандай да бір мақтау айтудан аулақпын, себебі ең алдымен ол үлкен жауапкершілік. Өзімді мінсіз адаммын деп есептемеймін. Сондықтан адамдарға өмір сүруді үйрете алмаймын. Бірақ егер бір жерлерде мені үлгі тұтатын қыздар болса, тек өмірімнің жақсы тұстары мен өзімнің жақсы қырларымды көрсетуге тырысамын. Ал жай ғана жақсы адам болу әрбір азаматтың міндеті деп есептеймін.

— Бала күніңізден бастап күллі елдің назарында болу сізге қалай әсер етті?

— Мен үшін бала кезімнен бастап бұл қалыпты жағдай ретінде қабылданды. Себебі, ес білгелі анамды жұлдыз ретінде танып келемін. Әрине, адамдар тарапынан көре алмаушылықтар да болып, олар әртүрлі өсектердің таралуы мен негізсіз араздықтарға себеп болатын лас істермен айналысты. Бірақ қанша дегенмен мен басқаша болғанын қаламас та едім.

— Мектеп кезінде қандай мамандық иесі болуды армандадыңыз? Сол кезден бері болашаққа арманыңыз өзгерді ме?

Мен бала күнімнен бастап журналист болғым келген және қазіргі күнге дейін ол ойымнан бас тартқан емеспін.

— Өзіңізді Қазақстандағы әрбір жас жігіт армандайтын, көпшілік қызығарлықтай қалыңдық деп санайсыз ба?

— Жоқ, олай есептемеймін және біздің ер азаматтардың ондай ойда болғанын қаламаймын. Қазақстандағы еркектердің талаптарын біле отырып, олай болғанын тіпті қаламаймын. Ер азаматтар өздеріне мінсіз әйелді іздейтінін үнемі естіп жүрсем де, бірақ олар өздері сондай қалыңдыққа лайық болу тырсады дегенді естімеппін. Оғаштау естіледі, бірақ… Мен үшін дұрыс қарым-қатынаста болу маңызды және дәл қазіргі сәтте мен сирек кездесетін сол сезімді бастан кешіп жүрмін. Сондықтан маған қазіргі кезде өзге емес, өз жігітім үшін жақсы қыз болуым маңыздырақ болып тұр. Қалғаны мені қызықтырмайды.


— Анаңыздың шығармашылық жолымен жүріп, тележүргізуші немесе продюсер болу туралы қалай ойлайсыз?

— Мен өз шығармашылық жолыммен жүріп, қолымнан келетін іспен айналысуды ойлаймын.

Танымал отбасында дүниеге келу – бұл жаза ма әлде тағдырдың сыйы ма?

— Мен өз отбасымды жақсы көремін және басқаша болғанын мүлдем қаламас едім. Бұл тағдырдың сыйынан да артық дер едім (күледі – авт.).

Сіз өзіңізді бай адаммын деп есептейсіз бе? 

— Иә, өзімді бай адаммын деп есептеймін. Керемет өмір сүріп жатырмын, тағдырға айтар шағымым жоқ. Құдайға мың шүкірлік етемін.

— Сіздің экзотикалық орындарда демалу сәтіңіздегі көптеген суреттеріңізге желі қолданушылары ерекше назар аударады. Саяхатқа шығу үшін табысты қайдан табасыз?

— Сіздер ойлағандай жиі саяхаттамаймын. Экзотикалық орындарға тіпті сирек барамын. Ал, негізгі табыс көзім — жарнама. Сондай-ақ, ата-анам да көмектерін аямайды.

Сіздің ойыңызша, батыстың үрдістері ұлттық құндылықтарымызға зиян келтіре ме?

— Батыста қазір әйел құқығы мен теңдігі, bullying (қудалау – авт.) пен body shaming-ті (дене бітімін  көпшілік алдында талқылау – авт.) болдырмау және т.б туралы айту сәнге айналған.

Осының барлығы, біздің ұлттық құндылықтарғы ешқандай қатысы болмағанымен, айтуға тұрарлық деп ойлаймын. Бұл екі түрлі ұғымдар.

— Қазақстанның қазіргі жастары туралы ойыңыз…. жастардың құндылықтары қай бағытқа қарай өзгеруде деп ойлайсыз?

— Біздің жастар білімге талпынып, әлемді танып, өз дүниетанымдарын кеңейткісі келетіні мені ерекше қуантады.

Соңғы жаңалықтар