Жарияланды: 490

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында бюджет қоржынындағы 5 млн. теңге мақсатсыз жұмсалып кеткен - қаржы полициясы

Маңғыстау облыстық қаржы полициясы департаменті үстіміздегі жылдың 7 айында бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалануға қатысты 15 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қаржы полициясы департаментінен таратқан хабарламада айтылған.

Мемлекетке келген жалпы шығын көлемі 5,056 млн. теңгені құрап, оның 1,762 млн. теңгесі өндіріп алынды. Сондай-ақ, департамент жыл басынан бері экономикалық контрабанда дерегі бойынша 7 қылмыстық іс қозғады. Контрабандалық өнім құны 10,653 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар қаржы полициясының департаменті акциздік өнімдердің заңсыз айналымына байланысты салық және әкімшілік заңының талаптарын бұзуға қатысты 28 оқиғаны әшкереледі. Бұл деректер бойынша 5,333 млн. теңгенің акциздік өнімдері тәркіленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін