Жыл қорытындысы бойынша инфляция 18 % асады-ҚР Ұлттық банк төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл қорытындысы бойынша инфляция 18 % асады-ҚР Ұлттық банк төрағасы

Жыл қорытындысы бойынша инфляция 18 % асады-ҚР Ұлттық банк төрағасы

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 18%-дан асып жығылады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатынды Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов мәлімдеді.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 18%-дан асып жығылады, өйткені, бүгінгі күннің өзінде ол 17,5% құрап отыр», — деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөздері бойынша, биылғы жылы орта жылдық инфляция көрсеткіші жылдық көрсеткіштен төмен. «Біздегі орта жылдық инфляция деңгейі 10% сәл асады», — деп атап өтті Ә.Сәйденов.

Сонымен қатар, бас банкир 2008 жылдың инфляция болжамын айтты.

«Біздің пікірімізше, алдағы жылы инфляция төмен болды. Әрине, әлемдік нарықта әсіресе, азық-түлік бағалары айтарлықтай өзгереді деп айта алмаймыз», — деп болжамын айтты Ә. Сәйденов.

Оның сөздеріне қарағанда, азық-түліктің құны, әлемдік сарапшылардың пікірінше өсе береді, бұл азық-түліктің үлкен қоры жұмсалып отырған, биоотын өндірісі сияқты жағдайлармен байланысты.

«Баға күрт толқуларсыз көтеріле береді… Келер жылы инфляция қолайлы шеңберде болады», — деп ойын қорытты Ә. Сәйденов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті