Туберкулез — ВИЧ індетін жұқтырғандарды өлімге жетелейтін басты инфекция. БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, жыл сайын осынау қатерлі тіркес 250 мың адамның өмірін жалмайды. Бұл Африкада ВИЧ індетімен тұратын адамдарды өлімге душар ететін бірінші себеп.
ВИЧ пен туберкулездің бір-бірімен байланысы соншалықты, оларды бірін-бірі ынталандыратын және күшейте түсетін егіз эпидемиялар деп атайды. ВИЧ адам ағзасындағы латентті туберкулезді қоздырса, ол бұдан кейін жұқпалылық сипатқа көшіп, әріқарай басқа адамдарға жұғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті