"Жылап шаршадым": Жұлдыз Өмірғали өзін мазалап жүрген мәселені ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жылап шаршадым": Жұлдыз Өмірғали өзін мазалап жүрген мәселені ашып айтты

"Жылап шаршадым": Жұлдыз Өмірғали өзін мазалап жүрген мәселені ашып айтты

Атақты KeshYou тобының экс-мүшесі, Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали әлеуметті желіде оқырманына мұңын шақты. 

  • 22 Мамыр 2023
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігінне сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали артық салмақтан арыла алмай, қииналып жүргенін жасырмай айтты.

“Кімде арықтататын әрі жасартатын дәрі бар? Қайран 54 келі салмағым… Денемдегі артық май үшін жылап шаршадым. Өзіме ғана емес, айналамдағыларға да жайсыздық тудырамын. Мен ел алдында жүрген адаммын, актрисамын. Мен арық болу керекпін, дене бітімімде де өзгерістер болмауын қадағалауым қажет. Бір сөзбен айтқанда робот болу керекпін”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Өнер иесі арық көрінудің де машақаты көп екенін айтты.


“Мен арық көріну үшін ракурс, үйлесімді киім үлгісін іздеймін. 64 келі салмақты киіммен жасыра алмайсың. Артық салмақ жинап алғаным түрімнен көрініп тұр. Өзімді 100% жек көремін”, – дейді актриса.

Соңғы жаңалықтар