БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шаруа қожалығының жетекшісі өзінің жұмысшысымен алдын ала сөз байласып, 2014 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі тұрғынының «Жамбыл» шаруа қожалығының өрісінде еркін жайылыста жүрген жылқыларын бірнеше рет ұрлаған. Сөйтіп жәбірленушіге 5,4 млн. теңге көлемінде материалдық залал келтірген.