Жылыжайда 504 түп кендір өсірген Өзбекстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылыжайда 504 түп кендір өсірген Өзбекстан азаматы ұсталды

Жылыжайда 504 түп кендір өсірген Өзбекстан азаматы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Ынталы ауылында жергілікті жылыжайлардың брінде кендір өсірген Өзбекстан азаматы құрықталды.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 705
Фото - Caravan.kz


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің бейсенбіде таратқан хабарламасына сүйенсек, күдікті сейсенбі күні қамалған. ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері полиэтиленмен жабылған сегіз жылыжайда есірткі өсірілгенін анықтаған.
Тәркіленген 504 түп кендірдің жалпы салмағы үш тоннадан асады.
Кендірді өсіріп, марихуана сатумен айналысқан адам Өзбекстан азаматы болып шықты. 34 жастағы еркек тұтқынға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.